14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1122 

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 29 желтоқсан, Астана, Үкімет үйі Инвестициялық субсидия беру туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 291-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Каz Кіоti» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Daedong» сауда маркасындағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша трактор зауытын салу» инвестициялық басым жобасы бойынша қосылған құн салығы мен акциздерді есепке алмай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы инвестициялық субсидия берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.